![]() |
#12
|
||||
|
||||
![]()
Отырыста Үкіметтің Қазақстан Республикасында демократиялық реформаларды тереңдету жөніндегі 2006 жылға арналған іс-қимыл жоспары мақұлданды.
Комиссия мүшелері сондай-ақ елімізде жергілікті өзін өзі басқару және әкімдердің сайланбалы жүйесін енгізу мәселелерін қарады. Жергілікті орындарда басқарудың тиімділігі мен мөлдірлігін арттыруға аудандардың 30%-ындағы әкімдердің сайланып қойылуын енгізу жәрдемдесетін болады. Сондықтан да мұнда біз бәрін мұқият зерттеп, ақылға салып көруіміз керек. Қазақстанның мүдделері, біздің халқымыздың мүдделері – міне, біз өз жұмысымызда басшылыққа алатын басты нәрсе осы,-деп атап өтті Мемлекет басшысы. Отырыста сонымен бірге Азаматтық қоғам институттарын дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Біз бүгін жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобасының тұжырымдамасын мақұлдай отырып, елді демократияландыру бағытында да маңызды қадам жасадықЖергілікті өзін-өзі басқару – бұл нақты демократия, іс үстіндегі демократия деп кездейсоқ айтылмаса керек,- деді Мемлекет басшысы. ![]() |
|
|